Surah Al-Layl ( The Night )

Surah Al-Layl ( The Night ) - қазақ тілі Aya count 21

Қараңғылығы басқан сәтте,түнге,
Жарқыраған сәтте күндізге,
Және еркек,ұрғашыны жаратқанға серт.
Негізінен кәсіптерің түрлі-түрлі.
Ал енді әлде кім (Алла жолында) берсе,тақуалық қылса,
Жақсылықты дұрыс деп білсе;
Сонда оның жолын оңайластырамыз.
Ал енді әлде кім сараңдық істесе,елемесе,
Жақсылықты жасынға шығарса;
Сонда оның ауырлыққа ұшырауын оңайластырамыз.
(Тозаққа) жығылған сәтте,оның малы оған пайда бермейді.
Негізінде тура жол көрсету бізге тән.
Сөз жоқ,ақирет те дүние де біздікі.
Сондықтан сендерге жалындаған отты ескерттім.
Сондай өтірік деп жалтарғандар.
Тақуарақ болған одан ұзақтастырылады.
Сондай малын сарып қылып тазарғандар.
Оның онда ешкімге берер еселі сыйлығы жоқ. (Біреудің өзіне істегенінің бодауы үшін емес)
Бірақ ұлы Раббының дидарына ғана іздейді.
Сондай ақ ол,таяуда разы болады.
Share