Surah Al-Inshiqaq (The Splitting Asunder)

Surah Al-Inshiqaq (The Splitting Asunder) - қазақ тілі Aya count 25

Лайықты болып,Раббына бой ұсынған кезде,
Ол,ішіндегіні шығарып босатқан сәтте,
Раббына бой ұсынып,лайықты болған кезде;
Әй адамзат! Негізінде сен Раббыңа қарай өте тырыссаң; сонда Оған жолығасың.
Ал енді кімнің дәптері оңынан берілсе;
Сонда Ол,дереу жеңіл есеппен есептеледі.
Ал және кімнің дәптері арт жағынан берілсе;
Сонда ол,дереу өлім шақырады.
Қайнаған тозаққа түседі.
Өйткені ол.өз үйінде мәз-мейрам еді.
Негізінде ол,әсте (Аллаға) қайтпаймын деп,ойлады.
Олай емес.Расында Раббы оны көздеуде еді.
Түнге әрі ішіндегі нәрсеге,
Әлбетте сендер,бір жағдайдан бір жағдайға өтесіңдер.
Сонда оларға иман келтірмейтін не болды?
Оларға Құран оқылған кезде,сәжде қылмайды.
Әрине кәпірлер «Өтірік» дейді.
Алла олардың бүкпелеген нәрселерін жақсы біледі.
(Мұхаммед Ғ.С) оларды күйзелтетін азаппен шүйіншіле.
Бірақ иман келтіріп,түзу ғамал істеушілерге таусылмайтын сыйлық бар.
Share