Surah An-Naba' ( The Great News )

Surah An-Naba' ( The Great News ) - қазақ тілі Aya count 40

Олар не нәрседен сұрасады?
Әсте олай емес, олар тез біледі.
Тағы олай емес, олар тез біледі.
Жерді бір төсеніш қылмадық па?
Тауларды қазық... (77-С. 27-А.)
Сендерді жүп-жүп жараттық.
Ұйқыларыңды дем алыс қылдық.
Күндізді тіршілікке жараттық.
Үстеріңе жеті қат берік көк құрдық.
Жарқыраған шырақ (күн) жараттық.
Сығылысқан бұлттардан мол жаңбыр жаудырдық.
Онымен дәнді дахылдарды, өсімдіктерді шығару үшін;
Расында билік күні, белгілі болған бір мерзім.
Көктер сетінеп есіктер пайда болады.
Азғындардың барар жері.
Олар онда ғасырларша тұрады.
Олар онда салқындамайды да сусын татпайды.
Бірақ қайнап тұрған су және ірің ішеді.
Қылмыстарына сай бір жаза.
Өйткені олар, есепке тартылуды ойламаған еді.
Аяттарымызды мүлде жасынға шығарған еді.
\"Енді татыңдар; ал енді сендерге азаптан басқа еш нәрсе таттырмаймыз\" (делінеді.)
Негізінде тақуалар үшін құтылу бар.
Бақшалар, жүзімдер бар.
Жас өспірім құрдас қыздар бар. (38-С. 52-А., 56-С. 37-А.)
Толып, тасыған кәсе бар.
Олар онда бос сөз және өтірік естімейді;
Көктер мен жердің әрі арасындағылардың Раббы; аса есіркеуші, Оған ешкім тіл қата алмайды.
Ол күні Жебрейіл (Ғ.С.) және періштелер, тізіліп тұрады. Алланың рұхсатынсыз ешкім сөйлемейді әрі дұрысын ғана сөйлейді.
Негізінде жақын бір азапты ескерттік. Ол күні алдын ала не істегеніне қарайды. Кәпір: \"Әттең! Топырақ болып кеткен болсам\" дейді.
Share