Осылайша қалалардың орталығы (Мекке халқын) әрі маңындағыларды қорқытуың және де болуында шәк жоқ күні, жиналуды ескертуің үшін; саған арапша Бір Құран уахи еттік. Ол күні; бір топ жаннатта, бір топ тозақта.
Көктер мен жердің жаратушысы сендер үшін өз жыныстарыңнан жұбайлар жаратып, хайуандар үшін де жүптер жаратушы. Өстіп сендерді өсірді. Еш нәрсе Ол сияқты емес. Ол Алла, әр нәрсені естуші, толық көруші.
(Мұхаммед Ғ.С.) Алла Нұх (Ғ.С.) қа нұсқау берген нәрселерді және саған уахи еткенімізді сондай-ақ Ыбырайым, Мұса және Ғиса (Ғ.С.) ға нүсқау берген нәрселерімізді сендерге діни жол қылды: Дінді мықты орындаңдар да дінде бөлінбеңдер. Сенің шақырған нәрсең мүшріктерге ауыр келді. Алла оған (сен шақырған дінге) кімді қаласа, оны сайлайды. Кім Оған бейімдесе оны тура жолға салады.
Олар өздеріне білім келгеннен кейін араларындагы көре алмастықтың салдарынан ғана бөлінді. Егер Раббың тарапынан, белгілі бір мерзімге дейін сөз бекіген болмаса еді, әлбетте араларында іс біткен болар еді. Расында олардан кейін Кітапқа мұрагер етілгендер де әлбетте одан шәк ішінде күдүктенуші.
(Мұхаммед Ғ.С.) міне сол үшін хақиқатқа шақыр да бұйрылғаныңдай мықты тұр. Олардың ойларына ілеспе және оларға: \"Алла түсірген Кітапқа иман келтірдім. Сондай-ақ араларыңда әділдік қылуға бұйрылдым. Алла, біздің де Раббымыз, сендердің де Раббыларың. Біздің ісіміз бізге, сендердің істерің сендерге тән. Сендер мен біздің арамызда тартыс жоқ. Алла арамызды қосады. Және қайтар орын сол жақ\" де.
Оған сенбегендер, асығыс тілейді. Сенгендер, одан үрейленіп, оның хақ екенін біледі. Сақ болыңар! Ол мезгіл жайында тартысатындар, әлбетте ұзақ адасуда.
Немесе дін тұрғасынан Алла бұйырмаған нәрсені оларға шариғат қылатын ортақтары бар ма? Егер Алланың шешімі бекіген болмаса еді, әрине араларында іс бітер еді. Күдіксіз залымдар үшін күйзелтуші азап бар.
(Мұхаммед Ғ.С.) залымдарды, қылмыстарының жазасы келуінен шошығандарын көресің. Ал сондай иман келтіріп, түзу іс істегендер, жаннат бақшаларында болады. Олар үшін Раббыларының қасында не тілесе бар. Міне сол, ұлы кеңшілік.
Міне Алла, иман келтіріп, түзу іс істеген құлдарын қуанышқа бөлейді. (Мұхаммед Ғ.С.): \"Сендерден бұған жақындық махаббаттан басқа ешбір ақы тілемеймін\" де. Кім бір жақсы табысқа ие болса, оның бұндағы жақсылығын арттыра түсеміз. Күдіксіз Алла, тым жарылқаушы, шүкірлікті бағалаушы. (Бұл аяттағы, жақын сүйіспеншілік: \"Құлшылық арқылы Аллаға жақындау. Немесе Құрайштан болғандығым үшін жақындық көрсетіп жапа бермеулеріңді қалаймын\" деген ұғымдарда. Б.Ж.М.К.Р.)
(Мұхаммед Ғ.С. олар сені): \"Аллаға өтірік жала қойды\" дей ме? Алла қаласа, сенің жүрегіңді де бітер еді. Алла, өтірікті жойып, өз сөздерімен шындықты шынға шығарады. Өйткені Ол, жүректегілерді толық біледі.
Егер Алла құлдарына несібені кеңітіп жіберсе, әлбетте жер жүзінде бүліншілік шығарады. Бірақ қалаған мөлшерде несібе береді. (43-С. 32-А.) Өйткені Ол, құлдарынан толық хабар алушы, көруші.
Ал енді сендерге берілген нәрсе, дүние тіршілігінің ғана пайдасы. Алланың қасындағы нәрселер иман келтіріп, Раббыларьша тәуекел етушілер үшін хайырлы да тұракты.
Ал және сондай Раббыларына мақұл дегендер, намазды толық орындағандар сондай-ақ өзара істерін кеңеспен жүргізгендер және өздеріне берген несібемізді тиісті орындарға жұмсағандар. (3-С. 159-А.) (Т-Қ.) (Өзара ақылдасып, іс жүргізу Мұсылманшылықтың елеулі бір сипаты боп, саналады.)
Әлде кімді Алла адастырса, сонда одан кейін оның ешбір жәрдемшісі болмайды. Залымдар азапты көрген сәтте: \"Қайтатын бір жол бар ма?\",-дегенін көресің.
Олар тозаққа төндірілгенде, корлықтан сүмірейіп, жасырын көз құйрығымен қарағанын көресің; иман келтіргендер оларды: \"Зиянда болғандар, қиямет күні; өздерін де семьяларын да зиянға ұшыратқандар\" дейді. Байқаңдар! Дау жоқ, залымдар тұрақты азапта болады.
(Мұхаммед Ғ.С.) енді егер олар бет бұрса, сені оларға күзетші етіп, жібермедік. Саған жалғастыру ғана міндет. Расында қашан адам баласына өз мәрхаметімізден таттырсақ, сонда оған мәз болады. Ал егер қолекі істеген кесірлерінің салдарынан бастарына бір жамандық келсе, сонда сөз жоқ, адам баласы мүлде қарсы келеді.
Алла (Т.) бір адам баласымен көкейіне салу түрінде немесе перде артынан ғана сөйлеседі: Не бір елші жіберіп, өз бұйрығымен қалағанын уахи етеді. Күдіксіз Ол, өте жоғары, хикмет иесі. (Мысалы: Ыбырайым Ғ.С. ға баласын құрбан шалу түсінде аян берілген.27-С. 12-А. Алла (Т.) Мүса Ғ.С. ға көрінбей, сөзі естілген түрде сөйлескен. 7-С. 143-А. Көбінесе Пайғамбарларға уахи арқылы нұсқау берілген.4-С. 163-А.)
(Мұхаммед Р.С.) саған осылайша әмірімізден бір \"Рұх\" (Құран. Ж.М.Р.) уахи еттік. Сен, Кітап не? Иман не? Білмейтін едің. Бірақ Құранды нұр , қылып, онымен құлдарымыздан кімді қаласақ, тура жолға саламыз. Расында сен тура жолға бастайсың.