Сендер, тіреусіз көрген көкті жаратты да сендерді теңселтеді деп, жер бетіне асқар тауларды қойды. Сондай-ақ бүкіл жандықты өргізді де көктен жаңбыр жаудырып, онда әр түрлі көркем парымен өсімдіктерді өсірдік.
Рас Лұқманға шүкірлік етуі үшін даналық бердік. Кім шүкір етсе, өзі үшін шүкір етеді. Ал кім нәсүкірлік етсе, сонда да Алла мұңсыз, мақтауға лайық. (Лұқман аса дана, табип болған кісі. Жалпы көз қарас бойынша, Лүқман пайғамбар емес, дәрігер. Б.Ж.М.Р.)
Адамдарға; ата-анасына қарайласуды бүйырдық. Ананың оған мешеулік үстіне мешеулікпен жүкті болып, екі жылда омыраудан айыруы бар. Маған және әке-шешеңе шүкір ет. Қайтар орның Мен жақ.
Егер екеуі білмеген нәрсеңді Маған ортақ қосуға зорласа, Оларға бағынба! Олармен дүниеде дұрыс жолдас бол да Маған құштар адамдардың жолына түс. Сосын барар орындарың Мен жақ; сонда істеген істеріңді баян етемін.
(Лұқман): \"Әй ұлым! Тарының салмағындай болса да бір жар тастың ішінде болса да көктерде не жерде болса да Алла оны (қиямет күні) келтіреді. Расында Алла өте мұлайым, толық білуші.\"
Көрдіңдер ме? Рас Алла (Т.) сендерге көктердегі, жердегі нәрселерді бой тсындырды. Және сендерге көрнеу, көмес нығметтерін толықтасырды. Сонда да ешбір білімі, тура жолы не нтрландырупш кітабы болмаған кейбір адамдар, Алла жайында таласады.
Қашан оларға: \"Алланың түсірген нәрсесіне ілесіңдер\" делінсе, олар: \"Жоқ, аталарымызды тапқан нәрсеге ілесеміз\" дейді. Егер шайтан оларды жалындаған азапқа шақырса да ма?
(Мұхаммед Ғ.С.) кім қарсы келсе, сонда оның қарсылығы сені кейітпесін. Олардың қайтар жері Біз. Сонда оларға не істегендерін баян етеміз. Расында Алла, көкіректегілерді толық біледі.
(Мұхаммед Ғ.С.) Егер олардан: \"Көктер мен жерді жаратқан кім?\",-деп, сұрасаң, әлбетте: \"Алла\" дейді. \"Барлық мақтау Аллаға тән\" де. Әрине олардың көбі түсінбейді.
Рас егер жер жүзіндегі ағаш атаулы; қалам, тәңіз (сия болып), одан кейін оған тағы жеті теңіз көмектесіп, (жазса да) Алланың сөздері таусылмайды. Күдіксіз Алла, өте үстем, хикмет иесі.
Көрмедің бе? Расында Алла, түнді күндізге қосып, күндізді түнге қосады. Сондай-ақ күн мен айды бағындырды. Барлығы белгілі бір мерзімге дейін жүреді. Рас Алла, олардың істегендерін толық білуші.
Көрмедің бе? Рас кеме теңізде Алланың ілтипатымен сендерге Оның деректерін көрсету үшін жүреді. Рас осыларда тым сабырлы, өте шүкір етушілердің барлығына белгілер бар
Қашан оларды таулардай толқын орап алса, дінге деген нағыз ықыласпен Алладан тілейді. Ал қашан Алла, оларды құтқарып, қырға шығарса, олардың кейбіреуі орташа болады. Негізінде аяттарымызға біртұтас опасыз қасарысқандар ғана қарсы келеді.
Әй адам баласы! Раббыларыңнан қорқыңдар және ешбір әке; баласы тарапынан бодау төлемейтін сондай-ақ ешбір бала да; әкесі тарапынан түк бермейтін күннен де қорқыңдар. Күдіксіз Алланың уәдесі хақ. Сондықтан сендерді дүние тіршілігі әсте алдамасын. Сондай-ақ өте алдаушы ол, (шайтан да) Алла турасында алдамасын.
Әрине қиямет мерзімінің мәліметі Алланьің қасында. Жаңбырды Ол жаудырады, Ол жатырлардағыны біледі. Ешкім ертең не істейтінін білмейді әрі ешкім қай жерде өлерін де білмейді. Күдіксіз Алла (Т.) толық білуші, хабар алушы.