Адам баласына әке-шешесіне жақсылық қылуды нұсқадық. Егер екеуі саған білмеген нәрсеңді Маған ортақ қосуыңа тырысса, онда ол екеуіне бағынба. Қайтар жерің Мен жақ. Сол уақытта сендерге не істегендеріңді түсіндіремін.
Адамдардың кейбірі: \"Аллаға иман келтірдік\" дейді де олар Алла жолында жапа тартса, адамдардың кесірін, Алланың азабындай көреді. Әлбетте Раббыңнан бір нүсырат келетін болса: \"Әрине біз сендермен бірге едік\" дейді. Алла әлемдегілердің көңілдеріндегіні жақсы біледі емес пе?
Сондай кәпірлер, иман келтіргендерге: \"Біздіқ жолымызға ілесіңдер, қателіктеріңді біз көтерейік\" деді. Негізінен олар, бұлардың күнәларынан еш нәрсе көтеруші емес. Расында олар суайт.
\"Алладан өзге табынғандарың, сендерге ризық бере алмайды. Онда ризықты Алланың қасынан іздеңдер. Оған құлшылық қылыңдар да Оған шүкір етіңдер. Сол жаққа қайтарыласыңдар.\"
(Мұхаммед Ғ.С.): \"Жер жүзінде кезіңдер де жаратуды қалай бастап, сосын екінші жасауды да жасайды. Көріңдер! Расында Алланың әр нәрсеге күші жетеді\" де.
(Ыбырайым Ғ.С.): \"Шын мәнінде сендер дүние тіршілігінде өзара достық үшін Алладан өзге бұттар жасап алдыңдар. Сосын қиямет күні бір-біріңе қарсы шығып, бір-біріңді қарғайсыңдар да орындарың тозақ болып, сендерге ешбір жәрдемші болмайды\" деді.
Оған Ысхақты, Яғқұпты бердік те оның ұрпақтарына кітап, пайғамбарлық мәрхамет еттік. Әрі өзіне Дүние сыйлығын бердік. Әрине ол, ахиретте де ізгілерден.
\"Рас сендер еркектерге жақындасасыңдар да жол кесіп, және мәжілістеріңде жамандық істейсіңдер ме?\" (27-С. 54-А.) Сонда елінің жауабы: \"Егер шыншылдардан болсаң, қане бізге Алланың азабын келтірші\" дегеннен басқа болмады.
(Ыбырайым Ғ.С.): \"Әрине онда Лұт та бар\" деді. (Елшілер): \"Ол жерде кімнің болғанын жақсы білеміз; кейін қалушылардан болатын қатынынан басқа өзін де ұй-ішін де әлбетте құтқарамыз\" деді.
Елшілеріміз Лұт (Ғ.С.) қа келген сәтте, олардың салдарынан қынжылып, көңлі тарайды. (Періштелер; көркем жас жігіттер стретінде еді. Б.Ж.Р.) Олар: \"Қорықпа да кейіме. Сөз жоқ, кейін қалушылардан болатын жұбайыңнан басқа өзіңді де семьяңды да құтқарамыз\" деді.
Сондай-ақ Ғад, Сәмүд (елі де жоқ болған). Расында сендерге олардың жұрттарынан-ақ байқалады. Шайтан олардың қылықтарын әдемі көрсетіп, оларды жолдан тосты; олар көріп, біліп тұрса да.
Қарүн, Перғауын және Ћаманды да (жоқ еттік.) Расында Мұса (Ғ.С.) оларға ашық белгілер келтірген еді де олар жер жүзінде дандайсыған еді. Сонда да олар қашып құтыла алмады.
Олардың күнәларының салдарынан кейбіреулерін; үстіне тас жаудырып, кейбіреулерін; ащы дауыспен, кейбірлерін; жерге жұттырып және кейбіреулерін де суға батырып, бәрін қолға алдық. Алла оларға зұлымдық етпеді. Бірақ олар өздеріне зұлымдық етті.
(Мұхаммед Ғ.С.) Кітаптан саған уахи етілгенді ғана оқы да намазды орында. Күдіксіз намаз; арсыздықтан, жамандықтан тыяды. Әрине Алланы еске алу, аса ірі нәрсе. Сондай-ақ Алла (Т.) не жасағандарыңды біледі.
Іштеріндегі зұлымдық қылғандарынан басқа Кітап иелерімен көркем түрде сөз таластырыңдар. (Сыпайы, дәлелді түрде қанағаттандырыңдар.) Оларға: \"Бізге түсірілгенге де сендерге түсірілгенге де иман келтірдік. Және біздің Тәңіріміз де сендердің Тәңірлерің де біреу-ақ. Біз оған бой ұсынғандармыз\" деңдер.
(Мұхаммед Ғ.С.) осылайша саған Кітап түсірдік. Сондықтан өздеріне кітап бергендеріміз оған сенеді. Және осылар (араптар) дан да оған сенетіндер бар. Аяттарымызға кәпірлер ғана қарсы келеді.
Әрине оларға оқылып жатқан Кітапты саған түсіргеніміз өздеріне жетіп аспай ма? (Одан артық мұғжиза бола ма?) Сөз жоқ. Құранда, иман келтірген ел үшін әрине игілік және үгіт бар.
Алла, мені мен сендердің арамызда куәлікте жеткілікті. Өйткені Ол, көктердегі әрі жердегі нәрселерді біледі. Сондай бос нәрсөлерге сеніп, Аллаға қарсы келгендер, міне солар; зиянға ұшыраушылар.
(Мұхаммед Ғ.С.) олар, сенен азапты тездетіп тілейді. Егер мерзім белгіленген болмаса, әлбетте оларға апат келер еді. Әрине, олар сезбеген түрде азап келеді.
Иман келтіріп, ізгі іс істегендер, әлбетте оларды жаннаттың астынан өзендер ағатын жоғарғы орындарына орналастырамыз да олар онда мәңгі қалады. Ғамал істеушілердің сыйлығы нендей әйбет.
Егер олардан: \"Көктер мен жерді кім жаратты және күн мен айды кім іске қосты?\",- деп сұрасаң, әлбетте: \"Алла\" дейді. Сонда олар қайда лағып барады.
Ал егер олардан: \"Көктен жаңбыр жаудырып, онымен жерді өлімнен кейін жандандырған кім?\",-деп сұрасаң, әлбетте: \"Алла\" дейді. (Мұхаммед Ғ.С.): \"Барлық мақтау Аллаға лайық\" де. Бірақ олардың көбі түсінбейді.
(Мекке халқы) маңындағы адамдар қағып әкетіліп тұранда, Меккені ардақты және бейбіт орын еткенімізді кермеді ме? Сонда бос нәрсеге сеніп Алланың нығметіне нәсүкірлік қыла ма?