Рас Перғауын ол жерде зорекер болып, елін топтарға бөлді. Олардың бір тобын езіп, ұлдарын бауыздап, әйелдерін тірі қоятын еді. Өйткені ол, бұзақылардан еді.
Мұсаның анасына: \"Оны еміз де оған бір нәрсе болады деп қорықсаң, онда оны дарияға салып жібер. Қорықпа да ктйіибе! Расында оны саған қайтарамыз да оны пайғамбарлардан қыламыз\" деп, қөкейіне салдық.
Перғауынның әйелі: \"Менің де сенің де көз қарашығымыз, оны өлтірмеңдер! Бәлкім бізге пайдасы тиер; немесе бала қып аламыз\" деді. Өйткені олар, сезбеді.
Бұрын емізушілерді оған арам еттік. (Бала бөтен омырауды ембей қойды.) Сонда оның әпекесі, Оларға: \"Сендерге, оны сендер үшін бағатын, оған қамқор бір үйдің ішін көрсетейін бе?\",-деді.
(Мұса Ғ.С.) елдің кәперсіз уақтында қалаға кірді де онда төбелесіп жатқан екі адам көрді. Бірі өз тобынан, біреуі дұшпан жақтан еді. Сонда өз тобынан болғаны дұшпанына қарсы Мұсадан көмек тіледі. Сонда Мұса (Ғ.С.) оны жүмырықпен ұрғанда оған қаза жетті. (Мұса Ғ.С.): \"Бұл шайтан ісі. Өйткені ол ашық адастырушы дұшпан\" деді.
Қалада қорқып, алаңдықпен таң атырды. Ал және кешегі өзінен көмек тілеген кісі, тағы жалбарынып жатыр. (Тағы төбелесіп жатыр.) Мұса (Ғ.С.) оған: \"Сен анық адасқан екенсің\" деді.
Сонда Мұса (Ғ.С.) екеуінің де дұшпанын ұстағысы келген сәтте: \"Әй Мұса! Кеше бір адамды өлтіргеніңдей бүгін мені өлтіресің бе? Сен Бұл жерде турашылдардан болмай бір зорекер болуды қалайсың ба?\",- деді.
Мәдян суына барган кезде, ол жерде мал суарған бір топ адам көреді. Тағы олардан өзге малдарын судан қайырып түрган екі әйел керді де: \"Екеуіңнің бұйымтайларың не?\",-деді. Екеуі: \"Малшылар малдарын алып кеткенге дейін суара алмаймыз. Әкеміз кәрі шал\" деді. (Бұлар Шұғайып (Ғ.С.) тың қыздары еді)
Сонда екі әйелдің бірі, ұялған түрде келіп: \"Әкем, бізге мал суарып берген ақыңды беруге сені шақырады\" деді. Мұса (Ғ.С.) Шұғайып (Ғ.С.) қа келген сәтте, оған қиссаларын баян қылды. Шұғайып (Ғ.С.): \"Қорықпа! Залым елден құтылдың\" деді.
(Қыздардың әкесі Мұса Ғ.С. ға): \"Маған сегіз жыл жалға жүруіңе орай мына екі қызымның бірін саған некелендіргім келеді. Егер он жылға толтырсаң, ол сенің өз жаныңнан болады. Саған машақат қылуды қаламаймын. Алла қаласа, мені ізгілерден табарсың\" деді.
Мұса (Ғ.С.) мерзімді бітіріп, жұбайымен жолға шыққанда, Тұр жақтан бір от көріп, жүбайына: \"Тұра түрыңдаршы. Рас бір от көрдім. Бәлкім бір хабар немесе оттан бір шоқ әкелермін. Әрине сендер жылынарсыңдар\" деді.
\"Таяғыңды таста!\" Сонда оны иреңдеген жылан тәрізді көріп, бұрыла артына қарамай жөнелді. \"Әй Мұса! Бері бұрыл, қорықпа! Шынында сен амандықта болғандардансың!\"
\"Қолыңды қойныңа тық. Кесірсіз аппақ болып, шығады. Қорқудан салбыраған қолыңды жина! (Сүлкіме!) Бұл екеуі, Перғауынға да адамдарына да Раббыңның екі дәлелі. Өйткені олар бұзақы ел...\"
\"Туысым Һарүн тілде менен жаттығырақ. Сондықтан оны, менімен бірге көмекші етіп жібер де, мені жөптесін. Расында олардың жасынға шығаруынан қорқамын!\"
(Алла Т.): \"Туысың арқылы білегіңді күшейтіп, екеуіңе олар жете алмайтын күш беремін. Аяттарымызбен екеуің де сендерге ергендер де жеңіске ие боласыңдар\" деді.
Мұса (Ғ.С.): \"Өзінің қасынан кімнің туралықты әкелгенін және соңғы қоныс (жаннат) кімдікі боларын Раббым жақсы біледі. Шынында залымдар құтылмайды\" деді.
Перғауын: \"Әй бастықтар! Мен сендер үшін менен басқа тәңір барлығын білмеймін. Әй Һаман! Мен үшін балшыққа от жағып, (өрте!) Бір мүнара жаса. Белкім Мұсаның Тәңірін көрермін. Расында оны өтірікші деп ойлаймын\" деді.
Біз Мұса (Ғ.С.) ға дабыстаған кезде, Тұр жақта емес едің. Бірақ саған мәрхамет түрінде, сенен бұрын өздеріне ескертуші келмеген елге ескертуің үшін жіберілдің. Мүмкін олар түсінер.
Егер оларға қолекі істегендерінің салдарынан өздеріне бір бейнет жетсе, сонда олар: \"Раббымыз! Бізге бір Пайғамбар неге жібермедің? Онда аяттарыңа бой ұсынып, мүмін болар едік\" дейді.
Ал оларға өз қасымыздан хақиқат келгенде, олар: \"Мұсаға берілген кұсаған неге бұған берілмейді?\" десті. Олар бұрын Мұса (Ғ.С.) ға берілгенге қарсы келмеп пе еді? \"Бірін-бірі сүйемелдеген екі сиқыр\" десті. \"(Құран мен Тәурат) бәріне де қарсымыз\" десті.
Сонда да саған жауап бермесе, шын мәнінде олардың өз көңілдері тартқан жаққа кеткенін біл. Алладан бір жол-жорықсыз өз көңілдері ауған жаққа ілескеннен әрі адасқан кім бар? Әрине Алла, залым елді тура жолға салмайды.
Оларға Құран оқылғанда: \"Біз бұган сендік. Рас ол, Раббымыз тарапынан түсірілген хақ сөз. Негізінде бұрыннан-ақ бой ұсынған едік\" деді. (Бұлар Якуди, Христиандардан Мтсылман болғандар. Б.Ж.М.К.)
Міне соларға сабыр еткендіктері себепті сыйлықтары екі есе беріледі. (Екі кітапқа да иман келтіргендіктері үшін. Б.Ж.М.К.Р.) Және олар жамандықты жақсылықпен жойып, өздеріне берген несібемізден тиісті орынға жұмсайды.
Қашан олар бос сөз естісе, одан бет бұрып: \"Біздің ісіміз өзімізге, сендердің істерің өздеріңе тән. Сендерге сәлем. (Қош енді.) Надандарды қаламаймыз\" дейді.
(Мұхаммед Ғ.С.) расында жақсы көргеніңді тура жолға сала алмайсың. Бірақ Алла кімді қаласа, оны тура жолға салады. Сондай-ақ Ол, тура жол табатындарды жақсы біледі. (Бұл аят Мұхаммед Ғ.С ның әкесімен туысқан Әбу Таліпқа байланысты. Ж.М.К.Р.Х.)
(Құрайш тобы): \"Егер сенмен бірге тура жолға түссек, жерімізден дереу шығарыламыз\" деді. Оларды өз жанымыздан, әр нәрсенің өнімдері несібе түрінде шоғырланатын, қастерлі де бейбіт бір жерге (Меккеге) орналастырмадық па? Бірақ олардың көбі түсінбейді.
(Мұхаммед Ғ.С.) Раббың кенттердің орталығына, оларға аяттарымызды оқитын бір елші жібермейінше жоқ етуші емес. Халқы залым болған кентті ғана жоқ етеміз.
Өздеріне сөз келгендер: \"Раббымыз! Бұлар, біз адастырғандар; оларды өзіміз адасқандай адастырдық. Олардан безіп, Саған келдік. Олар негізінен бізге табынбайтын еді\" дейді.
Ал оларға: \"Қосқан ортақтарыңды шақырыңдар\" делінеді. Сонда олар шақырады. Олар жауап бермейді. Олар тозақты көреді. (Қап!) Олар тура жолда болған болса еді.
Ол сондай Алла, Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Дүние, ахиретте барлық мақтау Оған лайық. Үкім Оған тән. Және Сол жаққа қайтарыласыңдар. (70) (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: \"Көрдіңдер ме, егер Алла (Т.) сендерге қиямет күніне дейін ұдайы қараңғы қылса, Алладан басқа сендерге жарық келтіретін тәңір кім? Естімейсіңдер ме?\",- де.
\"Көрдіңдер ме, егер Алла (Т.) сендерге қиямет күніне дейін ұдайы күндіз қылса, Алладан басқа сендерге онда тынығатын түн келтіретін тәңір кім? көз салмайсыңдар ма?\",- де.
Ол күні, әр үмметтен бір айғақ шығарып: \"Дәлелдеріңді әкеліңдер\" дейміз. Сонда олар, рас хақиқат, Аллаға тән екенін біледі де олардың жасанды нәрселері жоқ болады.
Рас Қарун, Мұса (Ғ.С.) ның елінен еді де, оларға қарсы келді. Сондай-ақ оған, кілттерін күшті бір топ әрең көтеретін қазыналар берген едік. Сонда оған халқы: \"Елірме! Расында Алла, еліргендерді жақсы көрмейді\" деді.
\"Алланың саған берген дәулетімен ахирет жұртын ізде де дүниедегі несібеңді де ұмытпа. Алла, саған жақсылық еткендей сен де жақсылық істе, сондай-ақ жер жүзінде Бұліншілік ізденбе! Алла бұзақыларды сүймейді.
Қарұн: \"Шын мәнінде бұл, маған мендегі білімге берілді. (Баюдың жөнін білуші едім)\" деді. Негізінде Алланың бұдан бұрын, бұдан да күшті, тобы көп нәсілдерді жоқ еткенін білмеді ме? Күнәкарлар, күнәларынан сұралмайды. (Бәрі жазулы. 82-С. 10-11-А.)
Ол, қауымына сән-салтанат ішінде шықты; Дүние тіршілігін қалағандар: \"Әттең! Бізге де Қарүнға берілген тәрізді болса; өйткені ол, зор ырыс иесі\" деді.
Ақыр оны да үйін де жерге жұтқыздық. Алладан өзге оған жәрдем етер бір топ болмады әрі оған көмек етілмеді. (Бұл атақты Қарұн; бай, Мұса (Ғ.С.) ның жақыны, асқан сараң, мың да бір зекет бер десе; бермей, Мұса (Ғ.С.) ны ел алдында қорлау үшін жала жапсырып, көп іренжітеді. Б.М.Р.)
Кеше оның орнында болуды көксегендер: \"Сірә, Алла құлдарынан кімді қаласа, соның несібесін кеңітіп, таралтады екен. Егер Алла, бізге қамқорлық қылмаса, әрине бізді де жерге жұтқызар еді. Айтқандайын, кәпірлер құтылмайды.\"
Алла мен бірге басқа тәңір шақырма! Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Оның дидарынан басқа әр нәрсе жоқ болады. Үкім Оған тән. Сондай-ақ Оған қайтарыласыңдар.