Ол күні, әр емізушінің емізгенін ұмытқанын және әрбір буаз жәндіктің іш тастағанын көресің. Адамдарды мас түрде көресің. Негізінде олар мас емес. Бірақ Алланың азабы қатты.
Әй адам баласы! Егер өлгеннен кейін тірілуден күдіктенсеңдер, әрине біз сендерді топырақтан сонан соң жыныстық тамшыдан, кейін үйыған қаннан тағы бейнеленген, бейнеленбеген кесек еттен өздеріңе тектеріңді білдіру үшін жараттық. Сондай-ақ жатырларда қалаған мерзімге дейін қойып қоямыз. Соңында бөбек ттрінде шығарамыз. Одан кейін ержетесіңдер. Кейбіреулерің қайтыс болып, кейбіреулерің әр нәрсені білгеннен кейін түк білмейтін өмірдің ең нашарына қайтарыласыңдар. Қураған жерді көресің. Оған жаңбыр жаудырсақ, құлпырып, көпсіді де әр түрлі көркем өсімдік өндірді.
Адамдардан Аллаға немқүрайды құлшылық қылатындар бар. Егер оған бір жақсылық келсе, сол себепті көңілдері орнығады да егер оған бір кесір тисе; жалтарып, дүние, ахиретте зиян тартады. Міне бұл ашық зиян.
Расында иман келтіргендер, Яьуди болғандар, Сабилар, Христиандар, Мәжүсилер және Аллаға шерік қосқандар, күдіксіз Алла, осылардың арасына билік айтады. Шын мәнінде Алла әр нәрсеге айғақ.
(Сәжде аяты бар.) (Мұхаммед Ғ.С.) көрмейсің бе? Аллаға; көктерде, жерде болған әркім; күн, ай, жүлдыздар, таулар, ағаш, хайуандар және адамдардың көбі сәжде қылады. Және де олардың көбіне азап тиісті болған. Алла кімді қорласа, сонда оны, ешбір қүрметтеуші болмайды. Күдіксіз Алла, қалағанын істейді.
Күдіксіз Алла; иман келтіріп, ізгі іс істегендерді, астарынан өзендер ағатын бақшаларға кіргізеді. Олар онда алтын және інжу білезіктермен безенеді. Ондағы киімдері де жібек болады.
Шынында қарсы болғандарға, Алланың жолынан сондай-ақ Біз; оның тұрғындарымен шеттен келуші адамдарға тең қылған Месжід Харамнан тосқандарға және кім онда зұлымдықпен жолдан шығуды қаласа, оған жан түршігерлік азаптың дәмін таттырамыз.
Сол уақытта Ыбырайым (Ғ.С.) ды Кағбаның орнына: \"Маған ешбір нәрсені ортақ қоспа! Тауап етушілерге, тік тұрып, еңкейіп және бас қойып, құлшылық қылушыларға таза ұста\" деп, орналастырған едік.
Олар өздеріне тән пайдаларын көрсін. Сондай-ақ өздеріне берілген малдардан белгілі күндерде Алланың атын алсын. (Қүрбан шалсын.) Одан өздерің де жеңдер және жоқ-жітікке де жегізіндер.
Міне осы, кім Алланың ардақтағандарын жоғары бағаласа; сонда оған Раббыларының қасында хайырлы. Сендерге арамдыгы білдірілгеннен басқа малдар, халал қылынды. Ал енді нәжіс бтттардан сақтаныңдар. Сондай-ақ өтірік сөздерден сақтаныңдар. (І6-С.116-А.)
Нағыз құл болып, Аллаға ортақ қоспаңдар. Кім Аллаға ортақ қосса; Сонда ол, көктен түсіп, оны құс іліп, әкететін немесе оны, ұзаққа жел ұшырып кеткен нәрсе сияқты.
Құрбандықтан белгілі мерзімге дейін пайдалануларыңа болады. Сосын ол Кағбаның жанындағы орнына апарылады. (Қашан шалынғанға дейін мінуге, артуға, төлінен, сүтінен, жүнінен пайдалануға болады. Ж.Б.М.К.Р.)
Біз әрбір үммет үшін, өздеріне берген малдардан, Алланың ғана атын атап, қүрбан шалуды бекіттік. Өйткені, Тәңірлерің бір-ақ Тәңір. Сондықтан Соған бой үсыныңдар. (Мұхаммед!) Ықыластыларды қуандыр.
Олар, қашан Алла зікір етілсе, жүректері дүпілдейді. Өздеріне келген ауыршылыққа шыдап, намазды орындай отырып, берген несібемізден тиісті орынға жұмсайды.
Түйе, сиырды (Б.М.К.Р.) сендер үшін; Алланың белгілері (қүрбандықтары) қылдық. Мүнда сендер үшін хайыр бар. Оларды тұрғызып қойып, оған Алланың атын айтыңдар. Сонда қашан олардың жамбастары жерге тисе (жаны шықса) жеңдер де мұхтажға да мұхтаж емеске де жегізіңдер. Өстіп шүкір етулерің үшін; малды еріктеріңе бердік.
Олар, сондай жазықсыз: \"Раббымыз Алла\" дегендіктерінен ғана жұрттарынан шығарылғандар. Егер Алла; адамдарды, бірін-бірі арқылы қорғамаса, Манастырлар, Шіркеулер, Яьудилердің құлшылық орындары және ішінде Алланың аты көбірек зікір етілетін мешіттер қүлатылар еді. Кім Алла жолына жәрдем етсе, Алла оған жәрдем етеді. Шәксіз Алла, аса көруші, тым үстем. (2-С. 251-А)
Егер оларды жер жүзіне орналастырсақ; олар, намазды орындар, зекет берер сондай-ақ дұрысқа қосып, бұрыстан тосар еді. Негізінде істердің соңы Аллаға тән.
Олар жер жүзінде кезіп жүрмеді ме? Сонда олардың түсінер жүректері және естір құлақтары болса еді. Негізінен көздері соқыр емес. Бірақ көкіректеріндегі жүректері соқыр.
(Мұхаммед Ғ.С.) олар сенен азаптың тез келуін тілейді. Алла уәдесінен әсте айнымайды. Негізінде Алланың қасындағы бір күн, сендер санайтын мың жылмен тең.
(Мұхаммед Ғ.С.) Сенен бұрын да, елші не пайғамбар жіберген болсақ, қашан ол үміттенсе, үмітіне шайтан күдік салды. (Немесе қашан ол оқыса, оқуына шайтан күдік салды. Ж.Б.М.К.Р.) Алла шайтанның салатынын жойып, сосын өз аяттарын бекемдейді. Алла толық білуші, хикмет иесі.
(Мұхаммед Ғ.С.) ғылым берілгендер, Құранның Раббыңнан бір хақиқат екендігін біліп, оған сеніп және оған жүректері берілуі үшін. Күдіксіз Алла, иман келтіргендерді әлбетте тура жолға салды.
Ал Алла жолында босқандар, сосын өлтірілген немесе өлгендер, әлбетте Алла оларға көркем несібе береді. Күдіксіз Алла, әрине Ол, несібе берушілердің жақсысы.
Міне осылай; кім өзіне істелгендей ғана істеген бола тұра; ол, қайта бұған соқтыкса, әрине Алла, оған жәрдем етеді. Күдіксіз Алла, аса кешірімді, өте жарылқаушы.
Рас Алланың, жердегілерді және өз әмірімен теңізде жүрген кемені сендерге бағынышты қылғанын және де өз бұйрығынсыз көктің жерге түсуін тоқтатқанын кермейсің бе? Күдіксіз Алла, адам баласына, әлбетте өте есіргеуші, аса мейірімді.
Әр үммет үшін, олар орындайтын бір ереже жасадық. (5-С.48-А.) Ендеше (Мұхаммед Ғ.С.) олар, сенімен бұл іс жайында тартыспасын. Раббың жаққа шақыр. Сен әлбетте тура жол үстіндесің.
Олар, Алладан өзге, оған ешбір дәлел түсірілмеген және ол жөнде өздеріне де ешбір мәлімет болмаған нәрселерге табынады. Ол залымдар үшін, бір жәрдемші болмайды.
Қашан оларға ашық аяттарымыз оқылса, кәпірлердің жүздерінен қарсылық сезесің. Сондай-ақ оларға аяттарымызды оқығандарды бассала жаздайды. (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: \"Енді сендерге бұдан да жаманның хабарын берейін бе? Ол, от! Алла оны, қарсы болғандарға уәде еткен нендей жаман орын!\",- де.
Әй адам баласы! Бір мысал келтірілді. Енді соған құлақ салыңдар: Сендердің Алладан өзге табынғандарың, барлыгы жиылса да әсте бір шыбын жарата алмайды. Сондай-ақ егер шыбын олардың бір нәрсесін алып қашса, одан оны құтқара алмайды. Өйткені, іздеуші де ізделген де нашар.
Алла жолында шынайы түрде күресіңдер. Сендерді Ол таңдады. Сендерге дінде қиындық қылған емес. Аталарың Ыбырайым (Ғ.С.) ның жолы. Алла бұрын да осы Құранда да пайғамбардың сендерге куә болуы, сендердің де адамдарға куә болуларың үшін, \"Мұсылман\" деп атады. Енді намазды толық орындаңдар, зекет беріңдер де Аллаға жабысыңдар. Иелерің Сол; нендей жақсы ие. Нендей жақсы жәрдемші!