(Мұхаммед Ғ.С.) үңгірдегілерді және жазуды, таңырқарлық белгілерімізден деп ойладың ба? (Бір заманда Тарсұс қаласындағы Дақянұс патшаның злымдығынан қашқан адамдар; “Кәһф”; солардың бекінген үңгірі. “Рақим”; солардың аты-жөні жазылған тақтай. Т.б. рауаяттар бар…)
Олардың жүректерін бекемдедік. Сол уақытта олар, тіке тұрып: “Раббымыз, көктер мен жердің Раббы. Одан өзге тәңірге әсте жалбарынбайымыз. Әрине сол уақытта рас көкіп сөйлеген боламыз” деді.
(Олар, өзара): “Әйте елдеріңнен де олардың Алладан өзге табынғандарынан да айрылдыңдар; енді үңгірге бекініңдер. Сендерге Раббыларың рахметін шассын! Сондай-ақ сенде үшін істеріңде оңайлық әзірлесін”
(Мұхаммед Ғ.С.) қарасаң; күн шыққан сәтте, үңгірлерінің оң жағынан ауытқығанын, күн батқан сәтте оларды сол жақта қалдырғанын көрер едің. Олар үңгірдің кең бір жерінде. Бұл Алланың белгілерінен. Алла кімді оңғарса, сол тура жолда. Ал кімді адастырса, сонда оған әсте көмекші, жетекші таба алмайсың.
Олар, ояу деп ойлайсың; негізінен олар ұйқыда еді. Оларды оңға, солға аунататын едік. Иттері, екі аяғын көсілген бойда босағада. Егер оларды көрсең, олардан ішіңе қорқу толып, бұрылып қашар едің.
Осылайша оларды, өзара бір-бірінен сұрасулары үшін ояттық. Олардан бір айтушы: “Қанша жатып қалдыңдар?”,-деді. Олар: “Бір күн немесе күннің бір бөлімі жатып, тұрдық” деді. “Қанша жатып, тұрғандарыңды Раббыларың жақсы біледі. Мына ақшаларыңмен біреуіңді қалаға жіберіңдер. Сонда тамақтың қайсысы жақсы, көріп, сендеге одан көрек келтірсін. Сондай-ақ сыпайылық істеп, сендерді ешбіреуге сездірмесін” десті.
(Рауаят бойынша; олардың базарға барғаны, сауда алғанда Берген ақшасы, көне Дақянұс ақшасы екенін көргендер, бұл қазына тауып алған екен деп ойлап, патша сұрастырғанда: сонау Дақянұс дәуіріндегі қашқандар екенін білген патша; елімен барып сөйлескеннен соң үңгірдегілер өліп, сонда жерленеді. Әл Ытқан, Табари.) Осылайша,Алланың уәдесінің шындығын, қияметтің шәксіздігін әлемнің білуі үшін оларды, бұларға мәлімдедік. Сол кезде бұлар; өзара олар жөнінде тартысуда еді. Кейі: “Олардың үстіне үй салыңдар ” деді. Раббылары оларды жақсы біледі. Ал бұлардың іс басындағылары: “Әрине олардың үстіне мешіт жасап алайық” деді.
Бұлар көрмей-ақ мөлшерменен: “Олар үшеу, төртіншісі иттері” деп, кейі. “Олар бесеу , алтыншысы иттері ” деп, кейі: “Жоқ, олар жетеу,сегізіншісі иттері иттері” дейді. “Олардың санын Раббым жақсы біледі. Адамдардың өте азы ғана біледі” де. Оның үшін олар жайында тартысып, олар үшін ешбіреуінен дәнеңе сұрама.
Бірақ: “Алла қаласа (жасаймын) ” (де.) Ұмытқан заман “Раббыңды есіңе ал да туралыққа жақынырақ жолға салуынан үміткермін ” де. (Яһудилердің нұсқауы бойынша, Араптар; Мұхаммед Ғ.С. нан: Рұх; үңгірлеріне және Зұлқарнайын туралы сұрағанда: “Алла қаласа” демей; “Ертең жауап берейін” дегендіктен уахи кешіккен екен.)
“Олардың қанша жатқанын Алла жақсы біледі. Көктер мен жердегі көместі білу Оған тән. Ол нендей толық көруші, естуші. Оларға Алладан өзге бір көмекші жоқ. Ол, өз үкіміне ешкімді ортақ қылмайды” де.
(Мұхаммед Ғ.С.) таңертең , кешке Раббыларына, Оның дидарын іздеп, жалбарынғандармен бірге өзің де сабыр ет. Дүние тіршілігінің сәнін қалап көзіңді басқаға аударма. Сондай-ақ Біз; жүрегін, Бізді еске алудан кәперсізденген, әуесіне ерген және ісі шектен асқан біреулерге бағынба. (6-C7 25-А.)
“Бұл хақиқат (Құран) Раббыларыңнан” де. Сонда кім қаласа сенсін. Расында Біз, залымдар үшін дуалдары қоршап алатын тозақ оты әзірледік. Егер олар су сұрап жалбарса, еріген Кен тәрізді беттерді қуыратын бір су беріледі. Ол нендей жаман сусын, әм нендей жаман орын.
Міне, олар үшін астарынан өзендер ағатын Ғадын жаннаты бар. Олар онда алтыннан білезіктермен безенеді; олар жұқалы-қалыңды жасыл жібектен киімдер киеді де олар онда, диванға сүйенеді. Нендей жақсы сауап, нендей әлбет жастанатын орын! (Дүние дәулетіне мәз болып, Аллаға шерік қатып, ақиретті ұмытқат Патрос дегн кәпір мен тоқ мейіл Яһұза деген мұсылманның жағыдайынан мысал беріліп отыр. Б.М.Р.Ж-Қ.)
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға екі адамның мысалын баян ет: Біреуіне жүзімдерден екі бақша қылдық. Әрі екі бақшаның арасын құрма ағаштарымен қоршап; екі бақшаның арасына егіндер өндірдік.
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға дүние тірлігінен мысал бер: ( Дүние тірлігі;) көктен біз жаудырған жаңбыр арқылы: Жердің өсімдіктері бір-біріне араласып, құлпырып, одан құрғақ үгіндіге айналып, оны желдер ұшырып кеткен тәрізді. Сондай-ақ Алла, әр нәрседен үстем күш иесі.
Ғамал дәптері алдарына қойлады. Сонда күнәкарладың одан қорыққанын көресің. Олар: “Абырым-ай! Бізге нендей өкінім! Мына кітапта кішкенені де үлкенді де тастамай-ақ түгендепті ” дейді. Сондай-ақ олар істегендерін дайын түрде табады. Раббың ешкімге әділетсіздік қылмайды.
(Мұхаммед Ғ.С. ) сол уақытта періштелерге: “Адамға сәжде қылыңдар ”деген едік. Ібілістен басқа бүкіл періштелер сәжде қылған еді. Жыннан болған ол, Раббының әмірінен бас тартты. Сонда да Менен оны ұрпақтарын дос етіп, аласыңдар ма“” Олар болса, сендерге дұшпан. (Алла тұрып, шайтанды дос көру.) Залымдар үшін нендей жаман өзгеріс!
Қиямет күні; (Алла, кәпірлерге): “Өздеріңнің, Менің шеріктерім деп ойлағандарыңды шақырыңдар” дейді. Сонда оларды шақырады. Бірақ олар өздеріне жауап бермейді. Сондай-ақ олардың араларына бір кәтерлі орын жасаймыз. (2-С. 166-А.)
Қашан да Адам баласына тура жетекші келсе, оларды иман келтірулеріне және Раббыларынан жарылқау тілеулеріне кедергі болған нәрсе, бұрынғыларға келген апаттың ; өздеріне келуін немесе азаптың қарсы алдарына келуін тосулары.
Негізінде елшілерді қуандыру, қорқыту үшін ғана жібердік. Кәпірлер, бос нәрселер арқылы шындықты төмендетуге жағаласады. Әрі апаттарымызды және ескерткен нәрселерімізді тәлкекке алады.
Раббыларының аяттары арқылы үгіттеліп, одан бет бұрған және бұрынғы өз қолымен істегендерін ұмытқан кісілерден кім залымырақ? Расында олардың жүректеріне оны түсінбейтін қалтқы және де құлақтарына кереңдік пайда қылдық. (Мұхаммед Ғ.С. ) оларды туралыққа шақырсаң да әрине мүлде жолға келмейді.
Раббың ; өте жарылқаушы, мәрхамет иесі. Егер оларды қылықтарының салдарынан қолға алатын болса, әрине оларға азапты тездетер еді. Дегенмен олар үшін белгілі бір мерзім бар. О заман олар, Алладан өзге паналайтын жер таба алмайды.
Олар зұлымдық еткен заманда, сол кенттерді жоқ еттік. Солардың жоқ етілулері үшін де мерзім белгілеген едік. ( Мұса Ғ.С. Алланың Берген зор ғылымына ие құлы Хызыр Ғ.С. ға, екі теңіздің бірлескен жерінде кездесу үшін ; Юшақ ұлы Нұн екеуі жолға шығады. Б.Ж.М.Р.К.)
Екеуі тағы жолға шықты. Бір ұл бала кездесіп еді, (о кісі) оны өлтірді. (Мұса Ғ.С.): “Кісі өлтірмеген жазықсыз біреуді өлтірдің бе? Рас жаман іс істедің” деді.
Сонда екеуі тағы жүріп, бір Кент халқына барып, тұрғындарынан тамақ сұрады. Олар, екеуін қонақ қылудан бас тартты. Сонда екеуі, ол жердегі жығылғалы тұрған тамды көріп; оны жөндеді. (Мұса Ғ.С.): “Егер қаласаң, бұған жалақы алар едің” деді.
“Ал енді там; бұл қаладағы екі жетім баланікі болып, оның астында ол екеуіне тән қазына бар еді. Сондай-ақ әке-шешелері түзу кісі болғандықтан Раббың, ол екеуі ержетіп, қазыналарын шығарып алуын қалады. Бұл Раббыңнан бір мәрхамет еді. Сондай-ақ бұны мен өздігімнен істемедім. Міне осы, сенің сабыр ете алмаған істерің”
(Мұхаммед Ғ.С.) олар сенен Зұлқарнайынды сұрайды: “Сендерге оның жайын түсіндірейін” де. (Бұл Зұлқарнайын “екі мүйізді” деген ұғымда. Екі тұлымы немесе тажында екі мүйізі болғандықтан атанған. Аты, Ескендер, пайғамбар емес. Батыс, шығысты кезген; Рұм, фарсы делінген т.б. рауаяттар бар. Ж.Б.М.К.Р.)
Тіпті күн бататын жерге жеткен сәтте, оны қара балшықты бұлаққа батқан түрде көрді. Сондай-ақ сол маңнан бір ел тапты. “Әй Зұлқарнайын, не (ол елді) азаптарсың немесе оларға жақсылық істерсің” дедік.
Олар: “Әй Зұлқарнайын! Яжұж, Мажұж бұл жерде бұзақылық істеуде. Саған салық төлесек, олар мен біздің арамызға бір бөгет жасайсың ба?” деді. (Бұл; Азербайжан таулары. Яжұж, Мажұж; Япас ұрпағынан болған бір бұзақы ел. Ж.Б.Р.К.М.Х.)
“Маған темір тақтайлар әкеліңдер” деді. Екі беттің арасы теңелген кезде: “Көріктеңдер” деді. Ол от болған сәтте: “Маған еріген мыс әкеліңдер, үстіне құяйын” деді.
(Мұхаммед Ғ.С.): “Егер Раббымның сөздері (жазылу) үшін теңіз сия болса, тағы бір сондайды көмекке әкелсек те, әлбетте Раббымның сөздері таусылудан бұрын теңіз таусылар еді” де.
“Шынында мен де сендер сияқты адаммын. Маған Тәңірлерің бір-ақ Тәңір екендігі уәһи етілуде. Сондай-ақ кім Раббына жолығуды үміт етсе, сонда түзу іс істеп, Раббына істеген құлшылығында; Оған ешкімді ортақ етпесін” де.