Құлын (Мұхаммед Ғ.С. ды) бір түні өзіне белгілерімізді көрсету үшін Месжід Ақсаға апарған Алла,әр түрлі кемшіліктен пәк. Шәксіз Ол, естуші, білуші. (Мұхаммед Ғ.С. бір түні Жебірейіл Ғ.С. арқылы Бұраққа мінгізіліп, Месжід Харамнан Месжід Ақсаға апарылып, ол арадан да көкке шығарылып, бір демде адам баласының өлшеулі сезімінен тыс дәрежеге ие болып қайтқан “Миғраж” уақиғасы. 53-С. 1-18-А.)
Сонсоң сендерді оларға үстем қылдық. Әрі сендерді малдар, балалар арқылы қуаттап, сан жағынан да молайттық. (Олардың бірінші астамшылығы; Тәуратқа қарсы келу, Шағяны өлтіру. Екіншісі: Зәкерия, Яхияны өлтіру және Ғисаға қастандық. Жеңілістері: Санжарып, Бахтынасар, Жалұт дәуірлері. Жақсарған дәуірлері; Данял, Дәуіт дәуірлері. Б.Ж.М.К.Р.Х.Т.Ж-Қ.
Егер игілік істесеңдер, өздерің үшін; Жамандық істесеңдер тағы өздеріңе тән. Екінші уәделі мезгіл келген кезде ; беттеріңді бұзып, қынжылту үшін және алғашқы кіргендеріндей Месжід Ақсаға кіріп, тас талқан қылулары үшін (жібердік.)
Күн мен түнді екі белгі жасадық. Сонда түн белгісін кетіріп, күндізді; Раббыларыңның кеңшілігінен несібе іздеулерің және жылдардың санын; заманның есебін білулерің үшін жарық қылдық. Сондай-ақ әр нәрсені ашық баян еттік.
Кім тура жолда жүрсе, шын мәнінде өзі үшін тура жолда жүреді. Ал кім адасса, сонда ол өз зиянына ғана адасады. Ешкім басқаның күнәсін көтермейді. Біз бір пайғамбар жібермейінше ешкімге азап қылмаймыз.
Қашан бір өлкені жоқ еткіміз келсе, олардың дәулет мастарына әмір етеміз. Сонда олар оған қарсы келеді. Сондықтан оларға деген сөз (үкім) шындыққа айналады. Сөйтіп оларды негізінен жоқ етеміз.
Кім дүниені қаласа, Біз де қалаған кісімізге дүниеде қалағанымызды береміз Сонсоң оны жаћаннамға саламыз. Ол, оған қорланып, мәрхаметке зақ болған түрде кіреді.
Раббың, өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық қылуларыңды әмір етті. Ал егер ол екеуінің бірі немесе екеуі де жандарыңда кәрілікке жетсе: “Тұћ” деме. (Кейіс білдірме.) Сондай-ақ ол екеуін зекіме де, ол екеуіне сыпайы сөз сөйле.
Бір де кедейшіліктен қорқып, баларыңды өлтірмеңдер. Біз оларды да сендерді де көректендіреміз. Расында оларды өлтіру зор қателік. (Жаћилиет дәуірінде, араптар қыз балаларын тірідей көміп тастайтын болған.. 16-С.59-А.)
Зинаға жоламаңдар. Өйткені, Ол анық арсыздық және жаман жол. (Зинаға жұуымаңдар: “Соған бейімделетін әр түрлі әрекеттерден аулақ болыңдар!”,- деген маңызда. Б.Ж.М.К.Р.Х.Т.Ж-Қ.
Арам , арам еткен кісіні өлтірмеңдер! Бірақ тиісті болса өлтіріледі. Ал біреу жазықсыз өлтірсе, сонда өліктің иесін ерікті еттік. Өлтіруде шектен аспасын. Өйткені, оған жәрдем етіледі. (Өш әперіледі.)
(Мұхаммед Ғ.С.) міне осы, Раббыңның саған уахи еткен хикіметінен; Алла мен бірге басқа тәңір жасама: Сөгіс берілген, мәрхаметтен қуылған түрде тозаққа тасталасың .
(Мұхаммед Ғ.С.): “Егер Алла мен бірге олардың айтқандарындай тәңір болса еді, онда әрине ғаршының иесіне бір жол іздер еді. (Не қарсы шығар еді, немесе бой ұсынар еді.)
Жеті көк және жер, сондай-ақ ондағы болғандар, Аланы пәктейді. Оны пәктеп, мақтамайтын еш нәрсе жоқ. Бірақ сендер олардың тасбихтарын (пәктеулерін) түсіне алмайсыңдар. Шынында Алла өте жұмсақ, аса жарылқаушы.
Олардың жүректеріне Құранды түсінулеріне кедергі және құлақтарына қаға беріс жасадық. Құранда Раббыңды бір ғана деп еске алған кезіңде, олар жирен түрде арттарына бұрылып кете береді.
Біз, олар сені тыңдағанда, қайтып тыңдағандарын және өзара сыбырласқанда залымдардың: “Сендер, жадыланған біреуге ғана ілесесіңдер” дегендіктерін жақсы білеміз.
“Әлде тіпті ойларыңдағы ең зор жаратылыс болыңдар. (Қайта тірілтілесіңдер.) ”Сонда олар: “Бізді кім қайта тірілтеді?”,-дейді. “Жақында болатын шығар” де.
Олардың сиынғандары; (періштелер, пайғамбарлар, жындар. К. Б.Ж.М.Р. ) Раббыларына қайсылары жақын боламыз деп, құлшылық арқылы ізденеді. (5-С. 35-А.) Рахметінен үміт етіп, азабынан қорқады. Негізінде Раббыңның азабы сескенуге тиісті.
Біздің мұғжизалар жібермеуіміз бұрынғылардың мұғжизаны жасынға шығаруы ғана болды. Сондай-ақ Сәмүд еліне көрнеу түрде аруана жібердік. Бірақ оған зұлымдық қылып, өлтірді. Негізінде мұғжизаларымызды үрейлендіру үшін ғана жібереміз.
(Мұхаммед Ғ.С. ) бір кезде саған: “Негізінде Раббың адамдарды баураған” деген едік. Саған Миғражда біз көрсеткенді (Б.Ж.М.К.Р.Х.Т.Ж-Қ.) және Құрандағы қарғалған ағашты (44-С.43-А.) адамдарға бір сынақ қылдық. (Өйткені, Миғраж уақиғасына да тозақтағы Заққұм ағашына да сенбеген.) Оларды қорқытуымыз, зор қателесуді ғана арттырады.
Сол уақытта періштелерге: “Адамға сәжде қылыңдар!”,-дедік. Сонда олар дереу сәжде қылды. Бірақ Ібіліс сәжде қылмай: “Балшықтан жаратқаныңа сәжде қыламын ба?”,-деді.
Ібіліс: “Осы, менен ардақты қылғаныңды көрдің бе? Егер мені қиямет күніне дейін кешіктірсең, әлбетте ұрпақтарыңның өте азынан басқасын қырыма бір аламын” деді.
“Олардан шамаң келгенін даусыңмен әуліктір. Және оларға, атты, жаяу түрде келіп, байбаламдап, дүрліктір. Сондай-ақ олардың малдарына, балаларына (арамдық араластырып) ортақ бол. Оларға жалған уәде бер. ” Негізінде шайтан оларға алдаудан басқа уәде бере алмайды.
Сендер теңізде бір қиыншылыққа душар болған сәтте, Алладан басқа сиынғандарың жоқ болады. Ал енді сендерді құтқарып, қырға шығарса, жалт бересіңдер. Негізінде адам баласы тым нәсүкір.
Алланың құрылықта да сендерді жерге жұттыруынан немесе сендерге тасты боран жіберуінен хауіпсізсіңдер ме? Соңыра өздеріңе бір болысушы таба алмайсыңдар.
Не сендерді қайтадан теңізге қайтарып, қарсылықтарыңның салдарынан бір құйын жіберіп, суға батыруынан бейбітсіңдер ме? Сонда сендерге болысып, бізді қуалаушы таба алмайсыңдар.
Расында Адам баласын ардақтадық. Сондай-ақ оларды қрылықта да теңізде де көліктендірдік. Әрі оларды жақсы нәрселермен қоректендірдік. Әм оларды жаратқандарымыздың көбінен не құрлым артық жараттық.
(Мұхаммед Ғ.С.) бір күні бүкіл адам баласын бастықтарымен бірге шақырамыз. Сонда кімнің кітабы оңынан берілсе, міне солар, кітаптарын оқиды. Оларға қылдай қиянат болмайды.
Егер ондай болса, саған тіршілікте де қайтыс болғаннан кейін де әлбетте еселеп азап таттырар едік. Сосын өзіңе, бізге қарсы жәрдемші таба алмас едің. (Бұл аяттар, мүшріктердің Мұхаммед Ғ.С. ға келіп, кейбір діни ережелердің өз қалауларына сәйкес орындалуын талап еткендіктеріне байланысты түскен. Б.Ж.Р.Х.Т.Ж-Қ.)
Түс қиғаннан, түннің қараңғылығына дейін намаз оқы. (Бесін, екінті, ақшам және жашыйық намаздары.) Әрі таң намазын оқы. Күдіксіз таң намазына періштелер де қатынасады. (Ж.М.К.Р. т.б.)
(Мұхаммед Ғ.С.) Түннен оянып (Құранмен) өзіңе тән нәпіл оқы. Раббыңның сені бір мақтаулы орынға жеткізуінен үміт етіледі. (Бұл зор шапағат орны. Б.Ж.М.К.Р.Х.Т.Ж-Қ.)
“Не болмаса, алтыннан бір үйің болсын. Яки аспанға шығарсың. Сонда да бізге оқитын бір Кітап түсірмейінше, көкке шыққандығыңа әсте сенбейміз” деді. (Мұхаммед Ғ.С.): “Раббымды пәктеймін! Мен бір адам баласы Пайғамбар ғанамын.” де.
Адам баласына; Пайғамбар, тура жол (Құран) келтірген кезде, олардың: “Алла; адамды, пайғамбар қылып, жіберді ме?”, - деген сөздері ғана иман келтірулеріне бөгент болды.
Алла кімді оңғарса, сонда ол тура жолда. Алла кімді адастырса, оған Алладан өзге жәрдемші таба алмайсың. Біз оларды қиямет күні, бетімен жер басқан, сақау және саңырау түрде жинаймыз. Орындары тозақ, толастаған сайыноларға жалынын арттыра түсеміз.
Бұл олардың сазайы. Өйткені, олар аяттарымызға қарсы келді. Және: “Біз сүйектер тіпті қоқым топырақ болып кеткен кезде; жаңадан жаратылып, тірілеміз бе?”, - деді.
Олар шынында көктер мен жерді жаратқан Алланың; өздері сияқтыларды да жаратуға күші жететіндігін көрмей ме? (Алла) олар үшін бір белгілі мерзім жасаған; онда әсте шек жоқ. Сонда да залымдар бас тартып, мүлде қарсы келді.
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Егер сендер Раббымның рахметінің қазынасына ие болсаңдар, сол уақытта да оның жұмсалып кетуінен қорқып, әрине үнемшілік істер едіңдер. Өйткені, адам баласы тым сараң” де.
Расында Мұса (Ғ.С.) ға тоғыз ашық мұғжиза берген едік. (Таяқ, қолдың жарқырауы шегіртке, бит, қан, тастан су шығару, теңіздің жарылуы және Тұр тауының көтерілуі. Б.М.К...) (Мұхаммед Ғ.С.) Исраил ұрапқтарынан сұра: Мұса оларға келегн кезде; Перғауын: “Әй Мұса! Әрине сені сиқырлаған деп ойлаймын” деген еді.
Мұса (Ғ.С.): “Расында сен бұлардың; көктер мен жердің Рабы түсірген көрнеу мұғжизалары бар екенін білесің. Әй Перғауын? Шын мәнінде мен, сені типыл болады деп ойлаймын”, - деген еді.
(Сәжде аяты бар.) “(Мұхаммед Ғ.С.): Құранға мейлі сеніңдер мейлі сенбеңдер; бұдан бұрын өздеріне ғылым берілгендер, оларға Құран оқылған заман, етпеттерінен сәждеге жығылады.
(109) (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Мейлі Алла деп немесе Рахман деп атаңдар. Қайсысымен атасаңдар да ең көркем аттар Оған тән” де. Намазда; жариялап тақұпиялап та оқыма да осының арасындағы жолды ұста