Алиф. Ләм. Ра. (Мұхаммед Ғ.С.) бұл Құран адамдарды, Алланың рұқсатымен, қараңғылықтардан жарыққа, сондай-ақ үстем әрі мақтауға лайық Алланың жолына шығаруың үшін біз саған түсірген бір Кітап.
Әр пайғамбарды ашық түсіндірсін деп; елінің тілінде ғана жібердік. Алла кімді қаласа, адастырады да, кімді қаласа, тура жолға салады. Ол, өте үстем, аса дана. (Жетінші сүренің жүз елу сегізінші аяты бойынша, Мұхаммед (Ғ.С.) бүкіл адам баласына, Алла тарапынан Елші екендігі даусыз. Арап тілінде түскен Құранның әр тілдегі аудармасы уәкілдік етеді. Б.М.Р.Х.)
Расында Мұса (Ғ.С.) ны: “Еліңді қараңғылықтардан жарыққа шығар. Алланың күндерін ескерт” деп, мұғжизалармен жібердік. Шәксіз мұнда; бейнетке сабыр етіп, нығметке шүкіршілік етушілер үшін өнегелер бар.
Сол уақытта Мұса (Ғ.С.) еліне: “Алланың сендерге берген ырысын еске алыңдар. Өйткені, сендерді Перғауынның сыбайластарынан құтқарды. Олар, сендерді жаман қинаумен ұстаушы еді. Ұлдарыңды бауыздап, әйелдеріңді тірі қоятын еді. Міне, бұнда сендерге, Раббыларың тарапынан үлкен сынау бар.”
Сендерге өздеріңнен бұрыңғы Нұх, Ғад, Сәмүд және сондай-ақ олардан кейінгілердің хабары келмеді ме? Оларды Алла ғана біледі. Олаға пайғамбарлаы мұғжизалармен келген еді. Олар саусақтаын ауыздарына апарып (бармақтарын тістеп): “Шынында біз сендер арқылы жіберілген нәрсеге қарсымыз. Сондай-ақ сен бізді шақырған нәрсеге, әлбетте шәкте және күдіктіміз” деді.
Олардың пайғамбарлары: “Көктер мен жерді жаратушы Алла жайында күмәнданасыңдар ма? Ол күнәларыңды жарылқауға және сендерді белгілі бір мерзімге дейін кешіктіруге (кеңшілік етуге) шақырады” деді. (Олар, пайғамбарларына): “Сендер де біздей-ақ адамсыңдар. Бізді ата-бабаларымыздың табынған нәрселерінен тосқыларың келе ме? Бізге ашық бір дәлел келтіріңдер” деді.
Пайғамбарлары оларға: “Әрине біз сендер құсаған адам баласымыз. Бірақ Алла (Т) құлдарынан кімді қаласа, соны сыйлыққа бөлейді. Алладан бұйрықсыз біздің сендерге бір мұғжиза келтіруіміз мүмкін емес. Мүміндер Аллаға ғана тәуекел етсін” деді.
“Расында, бізге тура жолдарымызды көрсеткен Аллаға сенім артпайтын не болды? Бізге тарттырған жапаларыңа әлбетте сабыр етеміз. Ендеше, Аллаға сенім артушылар тәуекел етсін” (деді)
Ал қарсы болғандар, пайғамбарларына: “Әлбетте сендерді жерімізден шығарамыз немесе дінімізге қайтасыңдар” деді. Сондықтан оларға, Раббылары: “Әлбетте залымдады типыл қыламыз” деп, уахи етті.
Сондай Раббыларына қарсы келгендердің ғамалдарының мысал; Боранды күнде жел ұшырған күл сияқты. Еңбектерінен ешбір пайда көре алмайды. Міне! Осы, ұзақ қаңғырыс.
Барлығы Алланың хұзырына шығып, сонда нашарлары, үлкенсігендерге: “Біз сендерге еріп едік. Ал сендер, бізден Алланың азабынан еш нәрсе кетіре аласыңдар ма?”, - дейді. Олар: “Алла бізді егер оңғарған болса еді, әрине біз де сендерді оңғарар едік. Енді біз бай-байласақ та шыдасақ та бәрі бір. Құтылар жеріміз жоқ” дейді.
Іс біткен заман шайтан: “Расында Алла сендерге шындықты уәде етті. Сондай-ақ мен де сендерге уәде етіп, опасыздық еттім. Негізінде, сендерді шақырғаннан басқа өктемшілігім жоқ еді. Сонда да шақыруымды қабыл алдыңдар. Ендеше, мені сөкпеңдер де өздеріңді сөгіңдер. Мен сендерді құтқара алмаймын. Сондай-ақ сендер де мені құтқара алмайсыңдар. Расында, бұрыннан да мені Аллаға ортақ қосуларыңа қарсы едім” дейді. Сөз жоқ залымдарға жан түршігерлік азап бар.
Сондай иман келтіріп ізгі іс істегендер, Раббыларының рұқсатымен ішінде мәңгі қалатын, астынан өзендер ағатын жаннаттарға кіргізіледі. Олардың жаннаттағы амандасулары “сәлем” болады.
(Мұхаммед Ғ.С.) көрмейсің бе? Алла қандай мысал берді: Көркем сөз, (“Алладан басқа ешбір Тәңір жоқ” деген сөз. Б.Ж.М.Р.Х.Т.Ж-Қ) тамыры мықты, бұтағы көктегі бір көркем ағаш тәрізді.
Алла (Т.) сондай иман келтіргендерді, дүние тіршілігінде де ақиретте де мықты сөзбен бекітеді. (Сондықтан ол мүмін өмірде қандай қатты қинау көрсе де: “Алладан басқа ешбір Тәңір жоқ. Мұхаммед Алланың Елшісі” деген сенімнен бұлжымайды әрі қабырдағы сұрақтарға да дұрыс жауап береді. Б.Ж.М.К.Р.Х.Т.Ж-Қ.) Алла залымдарды адастырады. Сондай-ақ Алла қалағанын істейді.
Сондай иман келтірген құлдарыма айт: “Намазды толық орындасын. Сондай-ақ бір нәрсені айырбастауға және достық болмайтын бір күннің келуінен бұрын өздеріне берген несібемізден тиісті орынға көрнеу, көмес жұмсасын”.
Сондай Алла (Т.) көктер мен жерді жаратып, аспаннан жаңбыр жаудырып, сол арқылы сендерге ризық үшін өнімдерді шығарды. Онымен қатар өз әмірімен теңізде жүргізу үшін кемелерді еріктеріңе берді. Әрі өзендерді де сендерге бағындырды.
Әрі сендерге өзінен сұраған нәрселеріңнің бәрінен берді. Егер Алланың нығметін санасаңдар, санына жете алмайсыңдар. Расында адам баласы өте ынсапсыз, аса шүкірсіз.
“Раббым олар, адамдардың көбін адастырды. Ал енді біреу маған ерсе, рас ол менен. Тағы біреу маған қарсы келсе онда Сен өте жарылқаушы, ерекше мейірімдісің”
“Раббымыз! Ұрпақтарымның кейбірін егінсіз ойпатқа, құрметті үйің (Қағба)ның жанына орналастырдым. Раббымыз! Олар намазды оқитын болсын! Енді адамдардың көңілін оларға ауатын қыл! Сондай-ақ оларды, жемістермен ризықтандыр! Әрине олар шүкіршілік етер”
(41) (Мұхаммед Ғ.С.) Алла (Т.) залымдадың істегендерінен кәперсіз деп әсте ойлама! Шынында Алла, оларды көздер шарасынан шығатын бір күнге дейін кешеулетеді.
Адамдарды, оларға азап келетін күннен қорқыт! Сондай залымдық қылғандар (сол күні): “Раббымыз! Бізді жақын бір мерзімге дейін кешіктір. Шақыруыңды мақұлдап, пайғамбарларыңа ерейік” дейді. (Оларға): “Бұрын өздеріңе ешбір зауал болмайтынына ант ішпеп пе едіңдер?”, - (делінеді.)